Үш жаңа мектеп - Шымкент қаласында, екі мектеп - Сайрам ауданында, қалған мектептер - Мақтаарал, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Бәйдібек би аудандары мен Түркістан қаласында ашылып отыр. Іске қосылған мектептердің тоғызы «100 мектеп, 100 аурухана» президенттік бағдарламаның аясында салынды. Ал Сайрам ауданы мен Түркістандағы екі мектеп - сәйкесінше, республикалық және облыстық бюджеттердің есебінен салынып отыр.
Барлық мектептер мультимедиялық кабинеттермен, зертханалармен, мамандандырылған оқу сыныптарымен жарақталған. Сондай-ақ, шеберханалармен жабдықталған. Оған қоса, кітапханалар, әдістемелік кабинеттер, дәрігерлік, психологиялық қызмет кабинеттері, спорт залдар, ән-күй залдары, хореография студиялары бар.