деп хабарлады ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Тарифтер мынадай санаттар бойынша әртараптандырылған: халық және жылумен жабдықтаушы ұйымдар, бюджеттік ұйымдар және өзге ұйымдар.
Тұрғындар мен жылумен жабдықтаушы ұйымдар үшін ауыз су тарифі бір текше метр үшін - 36,53 теңге, кәріз қызметтеріне 13,10 теңге мөлшерінде бекітілген. Бюджеттік ұйымдар суға - 55,18 теңге, кәрізге 20,07 теңге төлейтін болады. Өзге ұйымдарға арналған тарифтер тиісінше 89,70 және 27,73 теңгені құрайды. Тарифтер үш жыл бойы қолданылады.