АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері департаментінің директоры Батырбек Жалмұрзаев өңір бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы, «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевпен кездесті.
ҚР Дін істері агенттігінің мәліметінше, кездесуде өкіл имам облыстағы 670 мешіттің облыстық Әділет департаментінде есептік қайта тіркеуден өткенін хабарлады.
Осылайша, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан 670 мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары ретінде тіркеуден өтті.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.