Әкімдіктің хабарлауынша, 2010 жылы ОҚО кәсіпорындары 10 ұлттық компаниямен 101,1 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізіп беруге 2 мың 678 келісім жасады. «2009 жылы жасалған келісімдерді жалпы құны 56,3 млрд. теңгені құрады», - деп атап өтті әкімдікте. 2010 жылдың негізгі тапсырыс берушілері «НАК «КазАтомПром» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Қамқор» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Самрук-Казына» ХӘҚ» АҚ, «Қазпошта» АҚ. Олармен жасалған келісімдердің көлемі бойынша тауарлардың сатып алу үлесі 35,1 млрд. теңгені, жұмыстар - 88,2 млрд. теңгені, қызметтер - 10,7 млрд. теңгені құрады.
13:34, 12 Ақпан 2011
Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындары 2010 жылы ұлттық компанияларға 100 млрд. теңгенің тауарлары мен қызметтерін жеткізді
ШЫМКЕНТ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындары 2010 жылы ұлттық компанияларға 100 млрд. теңгенің тауарлары мен қызметтерін жеткізді, деп хабарлады ОҚО әкімдігінен.