Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында бірнеше ауылшаруашылық кластері құрылуда

ШЫМКЕНТ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында бірнеше ауылшаруашылық кластері құрылуда. Аудан әкімі Марғұлан Марайым хабарлағандай, ол үшін аймақта шаруа қожалықтары өнімдерін терең өңдеу саласы құрылуда.

Шалы-күрішін өңдеумен айналысатын зауыт құрылысы жүріп жатыр. Жоба «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының несиесінен қаржыландырылып отыр. Алдағы жоспарда - құрылысы аяқталған май өндіретін «Шардара май-жем комбинаты» ЖШС зауытын қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету. Кәіпорынды іске қосу алдағы жылдың көктеміне жоспарланған. Мал союмен және етті өңдеумен айналысатын «Шардара ет» ЖШС кәсіпорнын қайта жөндеуден өткізу аяқталды. «Шардара балық» ЖШС зауытын жаңарту жұмыстары аяқталу сатысында. Қант қызылшасын өсірумен айналысатын «Рахман-ТБ» шаруа қожалығы қант зауытын салуды ойластырып жүр.

«Бұл кәсіпорындар кластерді құрудың маңызды бөлшектері болмақшы. Өйткені олар аймақта өсірілген өнімдерді өңдеумен айналысады. Ол дегеніміз, шикізат аз шығарылады, әр өңдеуден аймақта қосымша құн қалады деген сөз», - дейді М.Марайым.