Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындары 86 жетім балаға білім гранттарын бөлді - «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы
Гранттарды балаларға ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов салтанатты жағдайда тапсырды. «Биылғы жылы ОҚО-да оқу жылын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 270 түлек бітірді. Олардың 86-сы облыстың жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірді. Жоғары оқу орындары ректорларының бірлескен кеңесінде олардың бәрі оқуға тегін қабылданатыны және қажет болса, жатақханамен қамтамасыз етілетіні шешілді», деді баспасөз қызметінде.
Облыста 13 жоғары оқу орны бар. Оның ішінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бәрінен көп - 15 грант бөлді. Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті мен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті 10 гранттан бөлді. Халықтар достығы университеті 9 жетім баланы тегін оқытады, «Сырдария» университеті - 7, Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясы, «Мирас» университеті және Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет 5 түлектен қабылдайды. Инновациялық-академиялық, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық, «Шымкент» университеттері, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институты және «Отырар» институты 4 гранттан бөліп отыр.
Облыстың басқа жоғары оқу орындарына 27 жетім бала қабылданады, 122 адам колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқуларын жалғастырады, 25 адам жұмысқа орналастырылды.