Оңтүстік Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылық соңғы бес жылда 2,7 есеге азайған

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Онлайн режимінде өткен отырысқа облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік комиссиялар мүшелері қатысты.

Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы квазимемлекеттік сектордағы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы іс-қимыл шаралары, сонымен қатар Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік жоспарлардың іске асырылу барысы талқыланды.

Аталған жиында ОҚО әкімі А.Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысын баяндады.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде құқық бұзушылық 2011 жылғы 277 деректен, өткен жылы 100 жағдайға дейін төмендеді. Ал, жергілікті атқарушы органдардағы құқық бұзушылық көрсеткіші 188-ден 70-ке дейін төмендеп, 2,7 есеге азайған.

Облыс аумағындағы 16 қоғамдық қабылдау орнында ұйымдастырылған «Бірыңғай қоғамдық қабылдауға» 2451 адам келіп, жүгінген.

Жүктелген міндеттердің орындалу тиімділігін арттыру және ұйымдастыру шараларын жүйелендіру туралы облыс әкімінің арнайы Өкімі қабылданған. Осы құжатқа сай облыс әкімінің орынбасарлары мен бас инспекторлары айына екі рет міндетті түрде аудан, қалаларға шығып, тұрғындар арасында қабылдау жүргізуде.

Өңірде бюджетті жоспарлау және қаржыны тиімді игеру жүйесін жетілдіру мақсатында және мемлекеттік сатып алуда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін облыс әкімдігінің арнайы Регламенті бекітілді.

Регламентте мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, келісімшарттың орындалуы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құрылыс нысандарының құны мен сапасына қойылатын талаптар күшейтіліп, нысандардың оңтайландырылған шектік құны белгіленді. Нәтижесінде салынатын нысан бағасы 30 пайызға дейін төмендеді. Инвестициялық жобалардың құнын үлгілік жобалармен сәйкестендіру және Регламенттің орындалуына тиісті мониторинг жасау мақсатында 115 инвестициялық жобаның құны қайта қаралып, 1,2 млрд. теңге қаржы үнемделді.

Мердігерлердің құрылыс біткеннен кейін беретін кепілдік мерзімі екі жылдан бес жылға ұзартылды.

Жер телімдерін жекеге беруде жариялылықты қамтамасыз ету үшін БАҚ-тағы хабарламадан бөлек, ауыл әкімдеріне шаруа қожалықтарын тікелей хабардар ету міндеттелді.

«Қазпошта» арқылы субсидия алатын агроқұрылымдарға субсидия қағаз түріндегі тізім бойынша беріліп келген болатын. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін агроқұрылымдарға субсидиялар электронды нұсқада төлене бастады.

Об­лыс әкімдігі сы­бай­лас жемқор­лық жа­сауға ықпал ететін нор­ма­лар­ды жою бой­ын­ша 50-ге жуық заңна­маға­ 95 ұсы­ныс жол­да­ды. Ұсы­ны­с­тар­дың 8-і қол­дау та­у­ып, Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы­ның Заңда­ры­на тиісті өзгерістер енгізілді.

Осы­дан төрт жыл бұрын мек­теп­тер­дегі бух­гал­те­ри­я­лар ор­та­лықтан­ды­ры­лып, ау­дан­дық, қала­лық білім бөлімдеріне берілді. Осы­ның се­бебінен білім са­ла­сын­да заң бұзу­шы­лық күрт қысқар­ды, қосым­ша 1083 штат­тық бірлік қысқар­ты­лып, 2011 жыл­дан бері жыл сай­ын 468 млн. теңге қар­жы үнем­де­лу­де.

Білім са­ла­сы бой­ын­ша екі жыл қата­ры­нан үш жақты (ау­дан, қала әкімдіктері, ау­дан­дық, қала­лық білім бөлімдері және басқар­ма) міндет­те­ме қабыл­да­нып, мем­ле­кет қар­жы­сын тиімді және мақсат­ты пай­да­ла­ну, орын­да­маған жағдай­да қатаң ша­ра көру тетіктері бекітілді.

Об­лыс бой­ын­ша 773 мек­теп­те бей­не­бақылау жүйесі ор­на­ты­лып, бұл мек­теп­тердің 77 пай­ы­зын құрап отыр, сол сияқты, ме­ди­ци­на­лық-әле­у­меттік ме­ке­ме­лердің қыз­мет­теріне тұрақты мо­ни­то­ринг жүргізу мақса­тын­да бар­лық 12 ме­ке­ме­де бей­не­бақылау ка­ме­ра­ла­ры ор­на­тыл­ды.

Негізгі білім бе­ретін 214 ме­ке­ме­ге мек­теп по­ли­ция ин­спек­тор­ла­ры бекітілген. Со­ның нәти­жесінде, мек­теп оқушы­ла­ры­мен жа­салған қыл­мыс пен құқық бұзу­шы­лық са­ны жыл­дан жылға азай­ып ке­леді (мы­са­лы, өткен жыл­дың қоры­тын­ды­сы­мен - 33,6% (533-тен 354-ке не­ме­се 179-ға азайған), оның ішінде мек­теп оқушы­ла­ры­ның қыл­мысқа қаты­су­ла­ры 278-ден 136-ға не­ме­се 51%-ға, ал, кол­ледж оқушы­ла­ры­ның қыл­мысқа қаты­су­ла­ры - 92-ден 65-ке не­ме­се 29%-ға төмен­деді).

Құқық бұзу­шы­лық мем­ле­кеттік рұқсат қағаз­да­рын бе­ру­де де жиі кез­де­седі. Осы мәсе­лені оңтай­лы ше­шу үшін ре­с­пуб­ли­ка­да бірінші бо­лып об­лы­с­та «Бір те­ре­зе қағида­сы» ретінде «Кәсіпкер­лер­ге қыз­мет көрсе­ту ор­та­лығы» ашыл­ды. Бүгінде бар­лық ау­дан­нан ашылған бұл ор­та­лық сы­бай­лас жемқор­лыққа қар­сы және әкімшілік ке­дергілерді азай­туға тиімді ин­ст­ру­мент екендігін дәлел­деп отыр (құры­лыс жүргізу­ге рұқсат алу 151 күннен 36 күнге, газ­ды тұты­нуға қосы­лу тех­ни­ка­лық шар­тын бе­ру мерзімі 90 күннен 7 күнге, электрмен қам­та­ма­сыз ету желісіне қосы­лу шарт­та­ры 30 күннен 15 күнге дейін қысқар­тыл­ды).

«Ау­дан, қала әкімдерінің және басқар­ма бас­шы­ла­ры­ның рей­тингтік көрсеткіштері ту­ра­лы» об­лыс әкімдігінің қау­лы­сы қабыл­дан­ды. Он­да бірден-бір қара­ла­тын көрсеткіш - заң бұзу­шы­лық. Сол сияқты ау­ыл, ау­ыл­дық ок­руг­тердің әкімдері ап­па­рат­та­ры­ қыз­метінің тиімді­лігін арт­ты­ру және жа­у­ап­кершілігін күшей­ту ша­ра­ла­ры қабыл­дан­ды.

Жал­пы, 2011-2014 жыл­да­ры об­лы­с­тық басқар­ма­лар бой­ын­ша 145 қар­жы­лық бақылау ша­ра­сы жүргізіліп, орын алған кемшіліктер бой­ын­ша 202 ла­у­а­зым­ды тұлға түрлі деңгей­дегі тәртіптік ша­ра­ларға тар­ты­лып, 20 ла­у­а­зым­ды тұлға қыз­метінен бо­са­тыл­ды.

ОҚО әкімі А.Мыр­зах­ме­тов­тің құқық бұзу­шы­лықтар­дың ал­дын алу бағытын­дағы ұсы­ны­с­та­ры­на қол­дау білдірген Мем­ле­кеттік хат­шы Г.Әбдіқалықова ай­тылған ұсы­ны­с­тар ая­сын­да нақты­лы жұмыс атқары­ла­ты­нын мәлімдеді, деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» газеті.