13:45, 25 Сәуір 2009
Оңтүстік Қазақстанда жаңа туристік кешен пайда болады
ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа туристік кешен пайда болады - «Бейбарыс және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бүргүлік шатқалында демалыс аумағы мен Ақсу-Жабағлы қорығына жақын жерде туристік кешеннің құрылысын бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Фирма басшылығы жаңа жобаларға үлкен үміт артып отыр. Оңтүстік Қазақстанның Төлеби ауданы - еліміздің табиғаты тамаша өлкелерінің бірі. Таулы жерлер қазақстандық туристердің ғана назарын аударып отырған жоқ - шетелдік табиғат әуесқойлары да бұл жерлерді жақсы біледі және өз демалыстарын осы өңірлерде өткізеді. «Сайрамсу» үкіметтік емес ұйымының 3 жыл бұрын ашылған 12 қонақүйлерінде Германия, Франция, Ұлыбритания, Польша елдерінен келген қонақтар жиі демалады. «Бейбарыс және К» ЖШС үкіметтік емес ұйымның тәжірибесін жоғары бағалап отыр және кәсіпкерлер көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейтіп, олардың сапасын арттыру туралы шешім қабылдады. Оның үстіне, Қазақстанның оңтүстігінде туристік кластерді дамыту ісі - экономиканың басымдықты бағыттарының бірі. Оған қоса, жаңа жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.