деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жол апаты сәрсенбі күні күндіз Сарыағаш ауданында Шымкент-Жетісай тас жолының 198-ші шақырымында орын алды. Бес адам оқиға орнында мерт болды, тағы бір адам ауруханада көз жұмды. Олардың үшеуінің тұлғасы әзірге анықталған жоқ. Оған қоса тағы 4 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, олардың ішінде 4 жасар бала бар.