Оған жергілікті мектептердің оқушылары қатысты. Оның ұйымдастырушылар - Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы экологиялық тәрбие және спорттық-экологиялық туризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес, Қазығұрт ауданының әкімдігі.
Акция үлкен сенбіліктен басталды. Қатысушылар маңайдағы қоқыстарды жинап, ағаштарды қопсытты. Кешенге бастайтын сатыны тазартып, суреттер байқауына қатысып, арқан тартысу, қл күрестіру сынды сайыстарға қатысты. Акция соңы мерекелік концертке ұласты.