Оңтүстік Қазақстаннан жеткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдері Алматы базарларындағы бағаны едәуір арзандатады

КЕНТ. 12 наурыз. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов бүгін Шымкентте меморандумға қол қойды.

Алматы әкімінің орынбасары Ербол Шормановтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысынан ауыл шаруашылығы өнімдерінің Алматы базарларына тікелей жеткізілімі туралы меморандумда Алматы базарларындағы жеміс-көкөніс және ет өнімдерінің бағасы 20-30 пайызға арзандатуға мүмкіндік беретін шаралар кешені қарастырылған.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өнімдерді бір орталықтан сатып алатын болады. Корпорацияның бар мүмкіндігі бар - техникасы, қоймасы, қаржысы бар. Сөйтіп тауарлар партиямен Алматыға жөнелтілетін болады», - деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Берік Оспанов.

"Оңтүстікқазақстандық шаруалар үшін бұл схема өте тиімді - олар үшін өнімді тиімді бағамен сату проблемасы шешіледі", - дейді әкімнің орынбасары.

Көкөніс пен ет өнімдерінің тікелей жеткізілімі Алматы базарларындағы бағаны едәуір арзандататыны анық. «Қаладағы жеті ауданның әрқайсысында жәрмеңкелер жұмыс істейтін болады. Алдымен аптасына - 5 рет, екінші кезеңде - аптасына 7 күн жәрмеңке өткізілетін болады», - деді Е.Шорманов. Ол сондай-ақ, өз өнімдерін Алматы базарларында сатқысы келетін диқандарға ақысыз сауда орындары берілетін болады.

Б.Оспановтың айтуынша, жылыжай өнімдері сәуір айынан жеткізіле бастайды. Ал мамыр айынан бастап шаруалар ашық топырақта өсірілген көкөністерді жөнелте бастайды.