ҚазАқпарат тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұмар Мамытова хабарлағандай, «департаменттің барлық қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына көмек көрсету туралы ұсынысты бірауыздан қолдап, емдеушілік және қайырымдылық көмек есепшоттарына біркүндік жалақыларын аударды».
Ж.Мамытованың айтуынша, департаментте 250-ге жуық адам істейді. Олар жинаған сома 600 мың теңгеден астам соманы құрап отыр.