Атап айтқанда, Құркелес селолық округіндегі «Құлтума» суару арнасын тазалау жұмыстарында жергілікті 14 тұрғын еңбек етуде. Бұл су арнасы бітеліп, суды егістіктерге өткізбейтін қамыстар басып қалғалы қашан. Бүгінде арнаның өткізу мүмкіндігі қалпына келтірілді. «Суару ағынының артуы егістік алқаптарын 2 мың гектардан астамға кеңейтуге мүмкіндік береді. Яғни, адамдарда жұмыс та, молшылық та болады», -дейді Сарыағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Нұржан Парпиев.
Сарыағаш ауданында «Жол картасы» және «Жастар тәжірибесі» аясында 4 мыңнан астам адам жұмысқа тұрғызылып отыр.