Оңтүстіктегі көршілер қызанақтар, күркетауық еттері, қиярлар мен болгар бұрышы, алмалар мен алмұрттар, қауындар мен қарбыздар, жүзімдер мен кептірілген жемістер, жаңғақтар мен күріш сияқты барлығы 128 тоннадан астам өнім алып келді.
ОҚО-ның мұндай ауқымды ауылшаруашылық жәрмеңкесі елдің шығысында алғаш өткізіліп отыр. Жәрмеңкемен қатар тұрғындарды Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясы әртістерінің концерттік бағдарламасы күтуде.