Оңтүстік Корея мен Корея Халық Демократиялық Республикасы шекара арқылы көлік қозғалысын ашты

АСТАНА.  Қыркүйектің  1-і.  ҚазАқпарат -  Оңтүстік Корея мен  Корея Халық Демократиялық Республикасы  шекара арқылы   көлік қозғалысын жандандыруда,  деп   хабарлайды  ВВС телекомпаниясының орыс  қызметі.

Елдердің  өкіметтері   қос Кореяның  бітімгершілігінің символы ретінде   2004  жылдың  желтоқсанында    Кэсонда ашылған   бірлескен   өндірістік кешен  ауданында  шекара өткелі арқылы көлік  қозғалысын  қайта ашты.  Бұл   өткелдегі  қозғалыс 2008   жылдың  желтоқсан айында Пхеньянның    бастамашылығы бойынша  анағұрлым шектелген болатын.