Бұған дейін 36 адам қаза тауып, 250-ден астамы із-түзсіз жоғалып кеткендігі жарияланған болатын. Құтқарушылар қызметінің өкілі су астындағы іздеу жұмыстары әлі де жалғаса беретіндігін айтуда.
Естеріңізге сала кетейік, «Севол» кемесі 16 сәуір күні Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында апатқа ұшыраған болатын . Ал суға батып кеткен кеменің капитаны Ли Чжун Сок қамауға алынды .