Оңтүстік Осетияда ресейлік әскери база болмақ

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - РФ қорғаныс министрлігі ресейлік сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Оңтүстік Осетиямен осы елдің аумағында бірлескен ресейлік база салу жөнінде келіссөздер жүргізбек,

деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Абхазиямен осындай келісімге ақпанның 17-сінде Кремльде осы елдің президенті Сергей Багапштың Мәскеуге сапары барысында қол қойылған болатын. Бұл құжат Ресей Қарулы Күштеріне базаны «Абхазия Қарулы күштерімен бірлесе отырып, республиканың егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға, сондай-ақ халықаралық лаңкестік құрылымдарға қарсы тұруға пайдалануға» мүмкіндік береді.