Аталған фестивальге Оңтүстік Қазақстан облысының атынан Ш әмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Тұмар» фольклорлық ансамблі мен халықаралық, республикалық би байқауларының жүлдегерлері «Қазына» би ансамблі қатысып жатыр.
2017 жылғы ақпан айында Қазақстан мен Австрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады. Осы уақыт ішінде екі ел арасындағы саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени салалардағы ынтымақтастық үшін негіз жасалып, екі жақты 19 құжатқа қол қойылды. Мәдениет саласындағы табысты ынтымақтастықтың айқын дәлелдерінің бірі Каринтия астанасында өтетін Оңтүстік Қазақстан облысының бүгінгі концерті болып табылмақ.
Австрия - Орталық Eуропада oрналасқан мемлекет. Солтүстігінде Чехия және Алманиямен, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Словения, Мажарстан және Италиямен, батысында Швейцариямен шектеседі. Жері - 83 871 км², халқы - 8 221 646[4] (2013 жылғы мәлімет). Астанасы - Вена қаласы.