Корея Халық Демократиялық Республикасының сыртқы істер министрлігінің өкілі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
«Ли Мён Бак (Оңтүстік Корея президенті) бастаған сатқындардың тобын қолдап» және корвет апатының мән-жайына жүргізілген тексерудің нақты қорытындысы жарияланбай тұрып Пхеньянды «бас күдікті» деп атаған Вашингтон «Солтүстік Кореяға қатысты өзінің жаугершілік саясатын жалғастыру және біздің елімізді оқшаулауға қол жеткізу ниетін тағы да паш етіп отыр», делінген мәлімдемеде.
Дипломат, әрқашан барлық халықаралық міндеттемелерді орындап отырған елінің «бұл кеме апатына ешқандай қатысы жоқ екенін» атап көрсетті. «АҚШ Солтүстік Кореяны осы оқиғамен байланыстырып, Корей түбегін денуклеаризациялау үдерісін тоқтатты», деп атап көрсетті ол.