Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаның құны 158 млн. теңге. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 26 мың дана костюм. Онда 73 жаңа жұмыс орны ашылған. Технологиялық құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен Қытай Халық Республикасынан, Жапониядан және Түркиядан алынған. Аталған жабдықтардың Оңтүстік Қазақстан облысында баламасы жоқ. Кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидияланып, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Жалпы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру Картасына Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы құны 705,2 млрд. теңге және 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 170 жоба енгізілген.