Орал қаласы прокуратурасының араласуымен екі кәсіпорында қалыптасқан жалақы бережағы өтелді

ОРАЛ. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасы еңбек заңдылығының сақталу барысына мониторинг жүргізу барысында екі бірдей кәсіпорынның жұмысшыларға бережақ екендігі анықталды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Металл бұйымдары» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-ның 185 жұмысшыға 8 млн. астам теңге жалақы берешегі қала прокурорының ұйғарымына сәйкес толықтай өтелген.

Сол секілді «West Trade» ЖШС-ның 40 жұмысшыға 2012 жылдың наурыз айы үшін 5,9 млн. теңге көлемінде бережақ екендігі анықталды. Қала прокуратурасы «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес ЖШС-ға заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізгенімен, қарау нәтижесінде ол уақытында орындалмаған. Сондықтан мәжбүрлеу түрінде орындау мақсатында қалалық прокуратураның қаулысы БҚО сот актілерін орындау департаментіне жолданған болатын.

Соның нәтижесінде ЖШС-ның 40 жұмысшының алдындағы жалақы бойынша бережағы толық төленіп, олардың да құқықтары қорғалды.