ОРАЛ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында 12502 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр.
Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның 3,5 мыңы - 3-6 жас аралығындағылар. Мұның басты себебі қала халқының өсе түсуіне байланысты. Айталық бес жылда (2006-2010 жылдары) 25 мың нәресте дүниеге келді, жыл сайынғы өсім - 10 пайыз.
Қазіргі таңда қалада мектепке дейінгі 66 мекеме жұмыс жасайды, оларда 10383 балдырған тәрбиеленуде. «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағыларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі Оралда 92 пайыз (республикалық көрсеткіш - 41,6 пайыз).
Өткен жылы облыс орталығында үш балабақша бой көтерді. Атап айтқанда, қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Самал көшесі бойында 360 орындық, 5-інші шағынауданда әрқайсысы 290 орындық екі балабақша салынды.
Балабақшамен қамту жөнінен облыс республика бойынша алғашқы үштікке кіреді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).