ОРАЛ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Орал қаласы мен Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылында күннің күрт жылынып, қардың тез еруіне байланысты 16 наурызда арықтар мен көшелер суға тола бастады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, су тұрғын үйлерді басып қалмас үшін департамент коммуналдық қызметтермен бірлесіп, суды сорып алу жұмыстарын ұйымдастырды. Атап айтқанда, төтенше жағдайлар департаментінен 7 техника, 12 мотопомпа, 29 адам, Орал қалалық жол пайдалану кәсіпорнынан 55 техника, 231 адам, қала мекемелерінен 63 техника жұмылдырылды.
Қалаға қарасты Зачаган кентіндегі жеке тұрғын үйлер де қауіп аймағында.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).