ОРАЛ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 24-інде Орал қаласындағы Достық және Еуразия даңғылдарының қиылысында қатты келе жатқан «Фольксваген» автокөлігі жол жиегіне шығып кетіп, екі бірдей адамды қақты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елу-алпыс жас шамасындағы әйел адам оқиға орнында көз жұмса, 1990 жылы туған қыз түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде апаттың себеп-салдары анықталуда.
Жалпы, биыл облыста жол-көлік оқиғаларынан қырықтан астам адам қаза тапты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).