ОРАЛ. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Желтоқсанның 30-ында Орал қаласында екі спорт ғимараты пайдалануға берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оралдағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің су спорты базасы мен велосипед спорты бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараттарын «Стройкомплекс» және «ПМК Промстрой» ЖШС күрделі жөндеуден өткізді. Сөйтіп су спорты түрлерімен айналысушылар мен велошабандоздар қайта жабдықталған әдемі ғимараттарға қол жеткізді.
Спортшыларды жаңа қонысымен облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен құттықтап, оларға тың табыстар тіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).