ОРАЛ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы М.Шолохов көшесінде магистральды газ құбырында орын алған апаттың салдарынан шаһардың біраз бөлігі, атап айтқанда, Мичурин, «Самал», 1-інші және 2-інші Жұмысшы кенті, 4 және 6-шағынаудандардан жөндеу зауыты, ет комбинаты ауданына дейін газсыз қалды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы директорының орынбасары Әлібек Хафизовтың айтуынша, газшылар түні бойы дерлік жұмыс жасады. Қазір де қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін тұрғын үйлерге газ берілетін болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).