ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында индустрияландыру бағытында нақты шараларды қолға алу қажет. Бұл туралы облыстық және қалалық мәслихат депутаттарынан құралған «Біздің қала» қоғамдық бірлестігі өткізген басқосуда айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиында бұл ретте Орал қаласындағы өндіріс орындарының қуатын әлі де толық пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Сондай-ақ облыс орталығының алдағы бес жылдағы даму бағыты да сараланды. Жердің тапшылығына байланысты қала аумағы бұдан былай кеңейтілетін болады. Бұл ретте қалада жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін алуға 47 мыңнан астам адам кезекте тұр.
Мәжілісте сонымен бірге «Қарашығанақ-Орал» магристралды газ құбыры арқылы «ҚПО б.в.» компаниясы босататын газ бағасын арзандату мәселесі де көтерілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).