ОРАЛ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда қыркүйектің 5-і мен қазанның 5-і аралығында қаланы абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы өткізілмек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айлық барысында қыркүйектің 5-інде, 12-сінде және 26-сында жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылмақ. Осыған орай қала әкімдігінде арнайы штаб құрылып, іске кірісті. Айлыққа қалалық мәслихат депутаттары белсене араласпақ. Сондай-ақ әр мекеме, кәсіпорын өз аумағын тазалау үшін арнайы техникамен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Сенбілікке белсенді қатысқандар ынталандырылатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).