Орал қаласында «Сен туған қалаң үшін не істедің?» атты іс-шара қолға алынды

ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында «Сен туған қалаң үшін не істедің?» атты іс-шара қолға алынды.

Орал қаласы әкімдігі өткізіп отырған шара барысында шаһарды абаттандыру ісіне әр тұрғын өз үлесін қоса алады. Мәселен, тал-терек егілсе, балалар немесе спорт алаңдары жасақталса, жаңа саябақтар пайда болса, бұл қаланы көркейте түспек. Жасалған жұмыстар жөнінде тұрғындар фотография, бейнематериалдар немесе жазбаша жібере алады.

Іс-шара он күнге созылмақ. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.