Орал қаласында тазалық айлығы басталды

ОРАЛ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бүгін Оралда санитарлық тазалық және қала аумағын абаттандыру айлығы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мамырдың 1-іне дейін созылатын айлық барысында әр мекеме, ұйым өз аумақтарын түрлі қалдықтан тазартып, тәртіпке келтіруі тиіс. Сондай-ақ сәуірдің 11-і, 18-і және 25-і күндері жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылмақшы. Айлыққа тұрғындардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету де көзделіп отыр. Тазалық жұмыстарымен қатар ағаш отырғызу ісі қолға алынбақшы. Сәуірдің 1-інде дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешені ұжымы сенбілікке шықты.