ОРАЛ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қалалық мәслихаты мен қала әкімдігінің шешімімен қалаға қарасты кенттік округтердегі жаңа шағынаудандарға атаулар берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Круглоозерный кентіндегі шағынаудан «Атамекен» деп аталса, осы округтегі Серебряков елді мекенінде «Сайран» шағынауданы «өмірге келді». Ал Зачаган кентінде «Балауса» шағынауданы пайда болды. Бұлардың үшеуі де тұрғындарға жеке үй салуға берілген жерлерде бой көтерді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).