ОРАЛ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Маусымның 12-сінде белгісіз біреу автокөлігімен «Орал-Бортау» автожолы бойында 28 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол жедел жәрдем машинасымен облыстық ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Жол полициясы басқармасы қызметкерлері оқиғаның ізін суытпай, Орал қаласындағы Жәңгір хан көшесі бойынан 1990 жылғы Ж. жүргізіп келе жатқан «Ваз-2109» автокөлігін ұстады. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ Д. деген азаматқа тиесілі «Ауди В-4» автокөлігін алдау жолымен сатып жіберген бұрын кісі тонап, істі болған 20 жасар Г. де алысқа ұзамады. Алаяқ қолға түсіп, автокөлік иесіне қайтарылды. Сол секілді Оралдағы Садовая көшесі 71 «б» ауласынан айдап әкетілген «Фольксваген-гольф-2» автокөлігі де табылды. Мұны айдап кеткен Ақсай қаласында тұратын 25 жасар Б. деген нашақор болып шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).