Орал қаласында

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Орал қаласында 'Икарус' саяжай серіктестігіндегі үйден шыққан өрт жастағы әйелдің өмірін қиды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, 60  шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан үйдің төбесі ортасына түскен. Оқиға орнынан 57 жастағы әйелдің мәйіті табылған.

Тілсіз жаудың алдын алуға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 8  маман мен 2 техника жұмылдырылған.