ОРАЛ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты кешені тәрбиеленушілері түрлі байқаудан жүлдемен оралып жүр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Сүйіншәлиеваның айтуынша, таяуда «Жалын» бишілер тобы Астанада өткен жас таланттардың «Әнші қолдар» республикалық шығармашылық фестивалінде би аталымынан бас жүлдені иеленді. Аталмыш мектепте «Арман» би ұжымы бес жылдан бері жұмыс жасайды, онда әр жастағы балалар өнер көрсетеді. Ал «Жалын» би тобы тек ер балалардан құралған. Ерлан Қадыров елордада жекелей де сахнаға шықты. Ол брейк-данспен де етене айналысады. Ең бастысы, балалар ел астанасынан үлкен әсермен оралды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).