ОРАЛ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері 33 жасар қала тұрғынының героин сатумен айналысатынын анықтады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш азамат 7 қыркүйек күні 1,03 грамм, 12 қыркүйекте 1,01 грамм героин сатқан. 14 қыркүйек күні полицейлер оның мекенжайын тінткен кезде 11,78 грамм героин табылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).