ОРАЛ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Құқық тәртібі» және «Көкнәр-2009» жедел алдын алу іс-шарасы барысында батысқазақстандық полицейлер Орал қаласының 27 жасар тұрғынын қолға түсірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Оны жеке тексеру кезінде «Автомобилист» кооперативіндегі гаражынан сату мақсатымен сақталған салмағы 30 кг 026,11 грамм кептірілген марихуана және 3,22 грамм героин табылды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 259-бабы 1-1 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулау изоляторына жабылып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).