«BEK Air» әуе компаниясы әзірге жолаушыларды дүйсенбі және жұма күндері тасымалдайтын болады. «BEK Air» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жұмасұлтановтың сөзіне қарағанда, жаңа рейспен 1994 жылғы «Фокер-100» ұшағы қатынайды. Оған 100 жолаушыға дейін сыяды. Ұшақ сағатына 800 шақырымды ала алады. Астанаға екі сағатта жетеді.
Облыста тіркелген, Орал әуежайымен қаржы-шаруашылық қызметін бірлесіп жүргізетін «BEK Air» компаниясы өткен жылғы 1 қыркүйектен Алматыға рейстер шығара бастады. Жолаушылар көбейсе, жаңа бағыттар ашу ойластырылады. Астанаға дейінгі билет құны да қымбат емес, 22 мың теңге.
«Орал» халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Расқалиевтің айтуынша, бұрын Оралдан Астанаға 5 рейс болатын, қазір оның саны бір бағыттың өзіне 14-ке дейін жетті. Елорда бағытына «Скат», «Эйр Астана» және «BEK Air» компанияларының ұшақтары күн сайын екі реттен ұшуда. Алматыға күн сайын «Скат» пен «BEK Air» ұшақтары қатынауда.