ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің 80 жылдығына орай шағын футболдан жарыс мәреге жетті.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш сайысқа барлығы 17 команда қатысты.
Турнир қорытындысында БҚО ішкі істер департаментінің «Динамо» командасы жеңімпаз атанды. Теректі колледжі екінші жүлдені еншілесе, Бөрлі колледжі мен Орал педагогикалық колледжі үшінші орынды бөлісті. Жеңімпаздарға кубок, медальдар, грамоталар табыс етілді. «Үздік бапкер» аталымына ІІД штабының инспекторы, полиция подполковнигі Сабыр Бөрпиев ие болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).