БҚО ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Сергей Шевченконың хабарлағанындай, күдіктінің кім екені анықталды. Ол Шешенстанның 35 жасар азаматы Хасан Губзаев болып шықты. 6 маусым күні Орал қалалық соты оны қамауға алу жөнінде санкция берді. Қазіргі кезде күдікті іздестірілуде.
Аталмыш оқиғаның себеп-салдары мынадай. А.Байқуанышев 2004 жылы адам бопсалағаны үшін сотталған. Оның Орал-Самара жолы бойында өз ақша ауыстыру пункті болған. Байқуанышев 22-25 жасар жігіттерден топ құрып, бәсекелестерін қорқытып отырған. Оқиға болардан он күндей бұрын топтағылардың бірі соққыға жығылады. Байқуанышев жәбірлеушіні өзі іздеп, 8 ақпан күні Хусейн Губзаевты кездестіреді. Оны өз машинасымен қуып, аңшы мылтығымен атып, қолынан жаралайды. Ал Губзаев келесі күні Ресейге жол тартады.
Күдікті Хасан Губзаев - 22 жасар Хусейннің туған ағасы. Сөйтіп ағасы інісі үшін кек алған.
Қазіргі кезде БҚО ішкі істер департаменті күдіктінің мекенжайын хабарлаушыға қомақты сыйақы белгілеп отыр.