Оралда 35 жасар азамат есірткімен ұсталды

ОРАЛ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - 25 мамыр күні Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкері 35 жасар азаматты ұстады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, одан 1,19 грамм героин табылған.

Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін қолға түскен азамат уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.