ОРАЛ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қаласында өткен жылы жалпы ұзындығы 25 шақырымнан астам су құбыры тартылды.
Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, 461,8 млн. теңгеге 48,8 шақырымдық сумен қамту нысанының құрылысы жалғасуда. Бұл желі қалаға қарасты Деркөл, Серебряков, Зачаган кенттерін таза ауыз сумен қамтымақ. Аталмыш жұмыстар биыл мәреге жетпек.
Өткен жылы Деркөл кентіндегі жаңа шағынауданды сумен қамтуға 22,2 млн. теңге жұмсалды. Сондай-ақ осы кентте 79,5 млн. теңгеге ұзындығы 18,6 шақырым газ құбыры тартылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).