ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы кезге дейінгі бір жыл мерзімде мүлікті жария ету жөніндегі қалалық комиссияға 1660 адам жүгінді.
Қала әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардың 24 пайызы - жеке үйлер, 16 пайызы - пәтерлер, 16 пайызы - жер телімдері, 13 пайызы - көлікжайлар, 11 пайызы - шаруашылық құрылыстары, 10 пайызы - бизнес нысандары, 8 пайызы - саяжайлар және 2 пайызы көліктерді жария ету ету мәселесі бойынша хабарласқан. Осы мерзімде 1 114,5 млн. теңгенің мүлкін жария ету жөнінде өтініштер түсіп, соның ішінде 696,3 мүлкі жария етілді.
Еске сала кетейік, мүлікті жария ету науқаны биылғы жыл соңында мәреге жетеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).