ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 979 млн. теңгенің мүлкі жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, мүлікті жария ету науқаны басталған 2014 жылғы 1 қыркүйектен бері комиссия қызметіне 5 мың адам жүгінген. Олар барлығы 1 млрд. 415 млн. теңгенің мүлкін жария ету жөнінде өтініш жасаған.
Айта кетейік, мүлікті жария ету бойынша түскен өтініштерді комиссия бір ай мерзімде қарап, шешім шығарады. Аталмыш науқан биылғы 31 желтоқсанда мәреге жетеді. Яғни екі айға жетпейтін уақыт қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).