ОРАЛ. 2 қазан. ҚазАқпарат - 8-9 қазан күндері Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Ақ Жайық - ару мекенім» атты І республикалық ән фестивалі өтпекші.
Бұл шара ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Донеділ Қажымовтың 60 жылдығына орай болғалы тұр. Оған Алматы, Ақмола, Ақтөбе сынды бес-алты облыстан және өңіріміздің аудандарынан жас әншілер қатысады деп күтілуде. Қазірдің өзінде 18 бен 36 жас аралығындағы он бес әншінің тапсырысы қабылданған.
Сайыскерлерді ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева және өзге де өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы бағалайтын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).