Оралда алаугерлер марапатталды

ОРАЛ. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда 16 ақпанда жетінші қысқы Азия ойындарының алауын БҚО бойынша алып жүруге қатысқандар марапатталды.

Алау эстафетасына БҚО-дан 60 адам қатысқан болатын. Олардың арасында атақты спортшылар, өнер жұлдыздары, мәдениет қайраткерлері, бизнес өкілдері, саясаткерлер болды.

Алаугерлерді марапаттау үшін Астанадан арнайы келген Азия ойындары Алау эстафетасы дирекциясы басшысының орынбасары Сәрсен Құранбек Елбасы қолдауымен өткізілген Азия ойындарының Қазақстанның толағай табысымен аяқталғанын атап өтті. Бұған батысқазақстандықтар да өз үлестерін қосты.