ОРАЛ. 14 маусым. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы Сырым Датұлы алаңында алғаш рет домбыра-party шарасы өткізілді.
Гүлфайрус Уәлиахмет ұйымдастырған шараға өңірге танымал өнерпаздар қатысты. Олардың қатарында домбырашылар, облыс әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Дәулеткерей Құсайынов, Құрманғазы атындағы музыка колледжінің директоры Нұржан Сертеков, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқарманың бас маманы Ермек Мұхамбетқалиев, әншілер Мұрат Аманшиев, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртісі Күләш Қуанышқалиева болды. Олар күй шертіп, ән салды.
Д. Құсайыновтың айтуынша, бұл қатысушылар үшін де, көрермендер үшін де тартымды болып шықты. Мұндай шара еліміздің өзге қалаларында да өткізіліп келеді екен.
Енді домбыра-party әр аптаның бейсенбі күні кешкісін ұдайы өтіп тұрмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).