ОРАЛ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Алтын ұя» облыстық байқауы мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осымен төртінші рет өткізіліп отырған байқау мақсаты - қазақы ұлттық тәрбиені, салт-дәстүрді насихаттау. Бұл жолғы сайысқа он үш отбасы қатысты. Алты кезеңнен тұратын байқау қорытындысында Орал қаласынан Ерікқали Ахметовтің отбасы бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ Ақжайық ауданынан Сәндібековтер, шыңғырлаулық Қабиевтер, қазталовтық Сапаровтар жүлделі орындарды иеленсе, тоғыз отбасы өз өнерлеріне лайық аталымдарды еншіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).