ОРАЛ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы жастар шығармашылығы орталығында батысқазақстандық әнші-сазгер, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Асхат Құрмекешевті еске алу кеші болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әншінің дүниеден өткеніне бір жыл толуына орай ұйымдастырылған кешке батысқазақстандықтармен қатар Қазақстанның басқа аймақтарынан келген өнерпаздар да қатысты. Олардың арасында театр және кино әртісі Еділ Рамазанов, «Атамекен» халықаралық фестивалінің бас жүлдегері Асхат Үрпеков бар.
Кеште әншінің жеке үнтаспасының таныстырылымы да болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).