ОРАЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында облыс ардагерлер ұйымдарының өкілдері бас қосты.
Онда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов ұйымның биылғы атқарған жұмыстарына тоқталды. Облыста 72905 еңбек және соғыс ардагері бар. 11183 тыл еңбеккерлері болса, соғысқа қатысушылар - 493, соның ішінде мүгедегі - 175. Облыс аумағындағы барлық майдангерлер үймен қамтамасыз етілген.
Жиында соғыс және еңбек ардагері Хамза Сафин, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет, Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Алдабергенов және басқалар сөз сөйлеп, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе, ардагерлер туралы заң қабылдау қажеттігіне назар аударылды.
Республикалық ардагерлер кеңесінің жұмысы жөнінде кеңес төрағасының орынбасары Бекболат Мұқышев әңгімелеп берді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).