ОРАЛ. 10 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының фойесінде атыраулық ерлі-зайыпты суретші Манарбек Дәулетияров пен Эльмира Жұмабаеваның отбасылық сурет көрмесі ашылды.
Көрмеге 50-ге тарта шығармашылық жұмыс қойылған.
Манарбек 1985 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының көркемсурет факультетін бітірген екен. Өзі шәкірт атанып, өнер сырына бойлаған шаһарға ширек ғасырдан кейін толыққанды шебер болып оралған суретшінің Оралдағы алғашқы көрмесіне көрермен көп жиналды.
Қазақстан Суретшілер одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Қайыр Оразғалиевтің айтуынша, Манарбек пен Эльмираның туындыларын Орал көрермендеріне таныстыру идеясы биыл көктемде батысқазақстандық суретшілердің Атырау қаласында өткен көрмесінде туған еді. Өнер адамдары үшін мұндай қарым-қатынас өте пайдалы, жаңа ізденістерге, жаңа жетістіктерге жетелейді.
Белгілі оралдық өнер зерттеушісі, көп жыл қалалық көрме залына жетекшілік еткен Әлия Сапарова көрмеге қойылған туындылардың кәсіби деңгейін жоғары бағалап отыр.
Атыраулық суретшілердің көрмесі бір айға созылады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).